Витапрост® Форте созылмалы простатит пен қуықасты безінің қатерсіз гиперплазиясын емдеуде қолданылады. Терапия курсынан кейінгі әсердің ұзақтығы дербес, ауру ағымының ерекшеліктеріне және ремиссия кезеңінде (яғни симптомдар жойылғаннан кейін) дәрігердің ұсынымдарын (режим, диета) сақтаудың мұқият болуына байланысты. Мысалы, созылмалы простатиттің өршуіне арналған терапия жағдайында, егер дәрігердің ұсыныстары кейіннен сақталатын болса, әсер ұзаққа созылуы мүмкін. Режим бұзылған жағдайда (мысалы, қатты суытудан кейін), өршу қайтадан пайда болуы мүмкін.